Қаскелеңдік 7 жасар бала "Славянский базар" байқауынан жүлдемен оралды
Қазақстандық Әбілқайыр Жұмабай үздік үштіктен көрініп, жүлделі орынға ие болды.
Жақсы жаңалықпен белгілі продюсер Жан Мұқанов өз парақшасында бөлісті. Мұқановтың айтуынша, Қаскеленнің тумасы Әбілқайыр Жұмабай 16 елден келген қатысушылардың арасындағы ең кішкентайы. “Қола! Анығында Қазақстан “Славянский базар-2018″ балалар фестивалінде үшінші орын иеленді. Қаскелеңнің 7 жасар тұрғыны Әбілқайыр Жұмабай үздік үштікке кірді. Құттықтаймын. Айтпақшы, басқа қатысушылар 11-14 жаста, ал біздің бала ең кішкентайы. Осындай жасында 16 ел қатысқан байқауда үздік үштіктен көріну – үлкен жетістік”, – деп қуанышты хабарды жеткізді ол.
Айта кетейік, “Славянский базар-2018” балалар фестивалінде Димаш Құдайберген, ал ересектер арасындағы байқауда Роза Рымбаева қазылық етті.