Қоғам

Доллар 534 теңгеге өсті

Бұған дейін доллар бағамы 1,64 теңгеге көтерілген

Қазақстанда доллардың орташа өлшенген бағамы 530,24 теңгені құрап, 1,53 теңгеге өсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық Банкі долларының ресми бағамы 14 қаңтарға 528,52 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 529,6 теңгеге, сату 532,25 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 530,37 теңгеден сатып алынады, 533,07 теңгеден сатылады.

Айта кетсек, 13 қаңтарда доллар 1,64 теңгеге өсті.