Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әке-шешесін де сұрайды»: дәрігерлер Ақтөбеде кепілдікке алынған әйелдің жағдайы туралы айтты

«Әке-шешесін де сұрайды»: дәрігерлер Ақтөбеде кепілдікке алынған әйелдің жағдайы туралы айтты
Сурет: medongroup-irk.ru
Әйелмен психологтар да жұмыс істеуде

Ақтөбеде танысы кепілдікте ұстаған келіншектің қазіргі жағдайы туралы дәрігерлер айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер оған әзірге тұруға, телефон қолдануға рұқсат етпеген. 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа. Жансақтау бөлімінен шығарылған.

“Жалпы диагнозы бас-ми шайқалуы, жабық бас-ми жарақаты. Травматологтар жарақатын таңып береді. Бірге ем жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда жағдайы орташа. Есін жиды. Сұрақтарға нақты жауап береді. Тексеруден өтіп, емін алып жатыр. Бүгін не болғанын бәрін сұрап жатыр. Әке-шешесін де сұрайды. Көп ақпарат айта алмаймыз. Тек денсаулығына байланысты ақпарат айтамыз. Төсектен тұруға болмайды. Тұруға, жүруге рұқсат еткен жоқпыз. Оның қолында әзірге телефон жоқ. Психологтар да кеше де, бүгін де кездесті. Қазір күзет жұмыс істеп тұр”, – деді нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Уразжанов.

Сондай-ақ, әйелдің палатада жалғыз жатқанын және мұндай диагнозбен 5-7 күн ем алу қажет екенін айтады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар