Басты жаңалықтар

Беларусь президенті Лукашенко Роза Рымбаеваға ерекше сый жасады

"Славян базары" байқауында төрелік етіп жүрген қазақстандық примадоннаның Витебск қаласында жұлдызы пайда болды.

Роза Рымбаеваның Витебскіге сапары барысында Лукашенко «Өнер арқылы — бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыстап қана қоймай, жұлдызды аллеяда есімін жаздыртты. Мұндай қуанышты хабармен халық әртісі өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. “Менің қымбаттыларым! Бүгін Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңында менің құрметіме аталған жұлдыз ашылды. Славян базары өнер фестивалін ұйымдастырушыларға және ел президенті Лукашенко мырзаға тамаша идеясы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен бақыттымын. Әрқашан да сіздердің Розаларыңыз”, – деді ол.

Роза Рымбаеваның өнер жолындағы әріптестері де құттықтау сөздерін жаудыруда. Мысалы, Тамара Асар өз инстаграм парақшасында: "Сүйінші,құрметті ОТАНДАСТАР!!! Бүгін Славян базары фестивальі аясында, Витебск қаласында "Жұлдызды Алаңда салтанатты түрде Қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Қуанышқызы Рымбаеваның Жұлдызы ашылды. Жұлдызы жарқыраған Жұлдызымыз айқындана түсті. Қуаныштымын Сіз үшін, Қазақ Елі үшін!!! Құттықтаймын сізді!! ", - дей отыра Роза Рымбаеваның жетістігін күллі қазақ елінің жетістігіне балады.