Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
- автор kyn.kz
- 16 қаңтар, 2025
- 8.0k
Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі актер Жахан Отарғалиевтің үйленгеніне байланысты пікір білдірді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс-бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Маған бақыт тілеп жатқандар қаншама. Рақмет, достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім", - деп жазды әнші.
Әнші басынан өткен тәжірибесіне ризашылық білдіріп, оны сол қалпында қабылдағанын, жаратушының жоспары өзінікінен де жақсы екенін түсінгенін айтады. Сөз соңында Балжан Бидаш алдағы уақытта үлкен сұхбатқа дайындалып жатқанын, әзірге оны кімге беретінін білмейтінін жеткізді. Айта кетейік, әншінің экс-күйеуі ажырасып кеткен соң араға уақыт салып, қайта үйленгені белгілі болды.