Басты жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апаты: министірлік ғаламтордағы деректерге түсініктеме бермеді

Апатқа ұшырау фактісі бойынша жаңа мәлімдеме жариялатыны хабарланды

Желіде Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы мен диспетчердің әңгімесі жазылған ресми көзі жоқ деректерге тергеу жөніндегі Комиссия түсініктеме бермейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігі Ақтау маңында ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша жаңа мәлімдеме жариялады.

«Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы болған оқиғаның себептерін анықтау үшін жұмысын жалғастырады. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ғаламтордағы ешқандай ресми көзі жоқ деректерге түсініктеме бермейді», - делінген хабарламада.