Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жауапкершіліктен босады": мәйітханада марқұмдарды зорлаған күзетшінің мұндай әрекетке бару себебі айтылды

"Жауапкершіліктен босады": мәйітханада марқұмдарды зорлаған күзетшінің мұндай әрекетке бару себебі айтылды
Инстаграм
Ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Алматыда қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған мәйітхана күзетшісінің ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот некрофилия ісі бойынша үкім шығарды.

Ер адам бірнеше рет марқұмдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстағаны үшін айыпталған. Ол бұл әрекеттерді видеоға түсірген.

Сот талқылауы барысында айыпталушының ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес Б.-ны ҚР ҚК-ның 314-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Қайтыс болған адамдардың денелерін және олардың жерленген орындарын қорлау") бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату және қылмыстық істі тоқтату. ҚР ҚК-ның 91-бабы 1-бөлігі 1-тармағына, 93-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес айыпталушыға арнайы психиатриялық стационар жағдайында мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану тағайындау", – делінген судья шешімінде.

Айта кетсек, өткен жылы сәуірде Алматыдағы мәйітханада күзетшісі ұсталды. Кейіннен некрофилияға күдікті қызметкер ресми түрде жұмысқа алынбағаны белгілі болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар