«Боран соғады»: 17-19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Кейбір өңірлерде көктайғақ болады, тұман түсіп, жол қозғалысы қиындауы мүмкін
Синоптиктер 17-19 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжауынша, еліміздің кей өңірлерінде қарлы боран мен көктайғақ күтіледі.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде күн жылығаннан кейін, бірқатар облыста жауын-шашын болуы ықтимал.
Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Қалған аймақтарда қар жауады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қарлы боран мен қалың жауын-шашын күтіледі.
Сондай-ақ кейбір өңірлерде көктайғақ болады, тұман түсіп, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.
Ел аумағында жел күшейіп, боран соғуы ықтимал. Бұл, әсіресе, ашық далалы аймақтарда көру мүмкіндігін нашарлатуы мүмкін.