Мәдениет

«Ішімді дұрыс баспаған»: Ayree өзін босандыру кезінде дәрігерлерден қателік кеткенін айтты

Босануға күшім болмады, дәрігер ішімді дұрыс баспаған, баламның маңдай тұсындағы жүйкелері өліп қалған

Ayree лақап атымен танылған Әйгерім Рақыш баласының дүниеге келген сәтін еске алды. Айтуынша, мерзімінен ерте босанып қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші «Мамский әңгімеге» берген сұхбатында айтты. Ayree-дің жүктілігі жақсы өткен, алайда 32 аптада босанып қойыпты.

«Ұлымды 18 жасымда көтердім. Жүктілігім жақсы өтті. Ол кезде сабақ, емтихан тапсыруға барып жүрдім. Өзімді жақсы сезіндім. Бірақ 32 аптада қарқынды босану болды. Оған дейін мен УДЗ-ға түскенде бәрі жақсы болды. Бала аударылды, уайымдайтын ештеңе жоқ деді. 3 күннен кейін толғақ сияқты ішім ауырып бастады. Содан кейін қан кетті. Жолда перзентханаға жеткенге дейін көп қан кетіп қалды. Бірден жансақтау бөлмесіне алып кетті. Дәрігерлер жиналып, 100% бала тірі қалмайды, қызды құтқару керек деді. Соны жақсы естідім. Мен айғайлап, босанамын деп шу шығардым. Жанымда анам болған еді», — деді Ayree.

Айтуынша, босандыру кезінде кеткен қателктен баласының маңдай тұсындағы жүйкелері өліп қалған. Қазір баласы арнайы мектепте 4- сыныпта оқиды екен.

«Мен 3 сағатта босандым. Балам дүниеге келген кезде жылаған жоқ. Босануға күшім болмады, дәрігер ішімді дұрыс баспаған, баламның маңдай тұсындағы жүйкелері өліп қалған. Қазір бәрі жақсы, балам жүрмесе де, дұрыс сөйлемесе де, пысық бала, мектепте «4» пен «5»-ке оқиды. Ол бәрін түсінеді. Ол сөйлеммен емес, сөздермен сөйлейді, арнайы мектепте 4-сыныпта оқиды», — дейді әнші.