Басты жаңалықтар

Тоқал болғым келеді: желідегі видео елді шулатты

Аталған видеода белгісіз келіншек өзінің қалталы азаматтың тоқалы болғысы келетіні жайлы айтылады.

Белгісіз келіншектің есімі - Салтанат Қайранова екен. Ол видеода осыған дейін тұрмыс құрғанын және бұрынғы күйеуінің қолы ұзын атақты бизнесмен екенін айтып өтті.

Көптеген инстаграм парақшаларында жүрген бұл видео көп  желі қолданушыларының ашуын келтірді. "Көкірегі ояу, намысы бар жігіт болса саған қарамайды" - деп, пікірлерін білдіруде.

Ал, Мұхит Сапарбаевтың инстаграмында жарияланған мына видеода Салтанат: "Тоқал алу - сауапты іс", - дейді.