Қоғам

Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы тепті (ВИДЕО)

Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Атыраудағы балабақшаның бірінде тәрбиешінің баланы тепкен видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видеоны Рүстем Баязиев желідегі парақшасында бөлісті. Оқиға «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында болған. 

Балабақша басшылығы құқық бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылғанын айтты.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.