Астанада 21 жастағы жігіт 4 туысын ескерту айтқаны үшін пышақтап тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қаңтар, 2025
- 1.0k
Астанада 21 жастағы жігіт үш туысын жарақаттап, біреуін өлтіріп тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Astana_sergek -тің жазуынша, Free Fire ойынын ойнап жатқан кезде оның туыстары телефонын тартып алған. Ашуланған жігіт олар ұйықтап жатқанда шабуыл жасаған.
Оқиға 17 қаңтарда таңғы сағат 4 шамасында Ғабиден Мұстафин көшесіндегі тұрғын үйде орын алған.
«1997 жылы туған ағасы оқиға орнында қайтыс болды. Үш отбасы мүшесі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.
Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының ескерту жасауы себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Алматы – Бангкок бағытындағы ұшақта шетелдіктер төбелес шығарды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 желтоқсан, 2025
Қандай жағдайда азаматтардың жіберген төлемдері тексерілетіні нақтыланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 желтоқсан, 2025




