Басты жаңалықтар

Астанада 21 жастағы жігіт туыстарын пышақтады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада 21 жастағы туысқанынан пышақ жарақатын алған зардап шегушінің жағдайы белгілі болды. Олар №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Біреуі жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Туыстарын пышақтады деген күдікке ілінген жігіт ұсталды. Алған пышақ жарақатынан оның 28 жастағы нағашы ағасы көз жұмды. Ал үш туысы ауруханаға жеткізілді. 

Шабуыл жасаған жігіттің 60 жастағы тәтесі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір әпкесі де түрлі жарақаттар алған.

"1964 жылғы әйелдің денесінің әр жерінде бірнеше рет пышақ жарақаттары, сол жақ қабырғасының сынғаны анықталды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасы.

50 жастағы әйелдің оң жақ қабырғасы сынған. Ал 18 жастағы нағашы қарындасы хирургия бөліміне жатқызылған. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты.

"50 жастағы әйел де түрлі пышақ жарақаттарын алып, денесі көгерген, бас сүйек-ми жарақаты, оң жақ қабырғасы сынып, емханаға жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты", – деп хабарлады ведомстводан.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.