Денсаулық
«Үш саусағын кесіп тастаған»: Көкшетауда ер адам дәрігерге шабуыл жасады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025
- 185
Баланың ата-анасы емханада шу шыығарып, дәрігерлердің үстінен арыз жазған
Көкшетауда саусағы жараланған баланың ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасады. Мамандар үш жасар баланың саусағына ампутация жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі Nayzakokshe парақшасы жариялады. Баланың ата-анасы дәрігерлердің үстінен арыз жазған.
Олардың айтуынша, сәбидің қолына ауыр зат құлаған. Алған ауыр соққыдан баланың үш саусағының сүйектері сынып кеткен. Дәрігерлер ампутацияға дайындау туралы шешім қабылдаған. Алайда жансақтау бөліміне жеткізілген баланың артынан ата-анасы да кіріп барып, емханада дау шығарған.
Бұл оқиға аурухананың бейнебақылау камерасына түсіп қалған.