"Үйінің жанында асылып қалған": Алматыда оқушы өзіне қол жұмсады
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда
Алматыда оқушы өз-өзіне қол салды. Бала 2009 жылы туған, 16 жаста екені анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дереккөз бойынша, бала үйінің жанында асылып қалған. Бұның себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Медеу ауданындағы мектептердің бірінде оқыған.
Алматы полициясы бұл ақпаратты растады.
«Бұл факті бойынша Медеу аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.