Басты жаңалықтар

Ақтауда 5 еркек зорлаған қызға қатысты апелляция соты кейінге қалды

Бүгін, 21 қаңтарда сағат 9:30-да апелляция соты өтуі қажет еді

Ақтауда өз-өзіне қол салған фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысты апелляция кейінге шегерілді. Ол бүгін, 21 қаңтарда өтуі керек болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы марқұмның сіңілісі Ұлысмедиа тілшісіне хабарлады.

Бүгін, 21 қаңтарда сағат 9:30-да апелляция соты өтуі қажет еді. 

«Күдікті Мерей Аралбайдың анасы мен адвокаты келмеді. Оларды бір сағат бойы күткен сот істі кейінге қалдырды. Телефон шалғанда тұтқаны көтермеді, неліктен келмегендері белгісіз», – дейді жәбірленуші тарап.