Қоғам

«Әкім емес, блогер»: Айгүл Орынбек Шымкент қаласының әкімін сынады

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың видеоларын көріп,  бұл  адам әкім емес,  блогер бола салу керек еді деп отырмын

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековты сынға алды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі  парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Сыздықбековке ең мықты әкім емес, блогер деген атақ беру керек.

«Біраз әлеуметтік желіден демалған едім, кіріп қалсам Шымкенттің әкімінен басқа әкім жұмыс істемей жатыр ма деп ойлап қалдым.

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың видеоларын көріп,  бұл  адам әкім емес,  блогер бола салу керек еді деп отырмын. Кімнің сайты екенін жарнамаламай-ақ қояйын, жағымпаздықтың шегі жоқ деген осы шығар. Ештеңе таппағандай әкімнің жәй ғана қате әріп тапқанын мақтанып салып қойыпты. 

Әкімнің қалай жұмыс істеп жатқаны жазбай-ақ қояйын десем, өздерің осылай қолымды қышытасыңдар!

Мақтанудың шегі бар ғой! Президент әкімшілігі әкімдердің рейтінгін өздері тендер бөлетін сайттардың жазбаларымен бағалайсыңдар ма, әлде қарапайым халықтан түсіп жатқан шағымдармен бе?

Негізі Сыздықбековке ең мықты әкім емес, ең мықты  блогер деген атақ беру керек еді. Видео түсіріп жүргендер әкімдеріңе сәл рөлге кіруді де үйретсеңдерші, әйтпесе, видеоларың тым жасанды!», – деп жазды заңгер.