Басты жаңалықтар

Астанаға -32 градустық аяз келе жатыр

Қар жауып, бұрқасын болады

«Қазгидромет» Астананың алдағы үш күнге 22-24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

22 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауады, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан секундына 9-14 метр, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 23-28 метр/секундына соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 17-19 аяз болып, одан әрі төмендейді.

23 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 23-25 ​​нөлден төмен.

24 қаңтар көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 30-32, күндіз 21-23 аяз.