Қоғам

Маңғыстау облысында 16 жастағы оқушыны ит талап тастады (ВИДЕО)

Иттің иесіне айыппұл салынды

Маңғыстау облысында 2009 жылғы оқушыны ит талап, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ол ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция иттің иесін анықтады. Түпқараған ауданы полиция бөліміне Ақшұқыр елді-мекенінде 16 жастағы баланы ит тістеп алғаны жөнінде хабарлама түскен.

Иттің иесі табылып,иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 407 бабымен сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.