Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Дональд көкеден сәлем!»: Жаңбыршин елде ЛГБТ насихатына тыйым салуды ұсынды

«Дональд көкеден сәлем!»: Жаңбыршин елде ЛГБТ насихатына тыйым салуды ұсынды
Сурет: nippon.com
ЛГБТ-ны қолдап, ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елдегі ЛГБТ насихатына тыйым салу қажеттігін мәлімдеді. Сондай-ақ, оларға ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутат Жаңбыршин АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайланған Дональд Трамптың  елде заңмен ер мен әйел жынысын бекіткенін еске салды. 

«Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем! Біз мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз. Осы уақытқа дейін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Бірақ кейбір шенеуніктер «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді– деді депутат.

Жаңбыршин бұдан кейін ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутаттар мен олардың отбасыларына әлеуметтік желіде ақпараттық шабуылдар ұйымдастырғанын айта кетті.

«Бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жалпы қоғам бізді қолдап E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын білеміз. Бұл нені көрсетті?! Бұл ұлттық болмысымызға жат, ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екендігін көрсетті. Ал Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруы тиіс», – дейді депутат.

Мәжіліс депутаты үкіметке ЛГБТ-ны қолдап, ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар