Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.