Қоғам

Темірлан Еңсебекті қолдаған тағы бір белсендіге айыппұл салынды

Бұған дейін Темірланды қолдап шыққан екі журналист қамауға алынды

Qaznews24 авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, пикетке шыққан белсенді Ақторғын Ақкенжебаласына (Қайратова) сот айыппұл салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Азаттыққа" сілтеме жасап. 

Сот 22 қаңтарда пикетке шыққан белсенді Ақторғын Ақкенжебаласына (Қайратова) 196 600 теңге айыппұл салды. 

Алматыда Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан Ақторғын есімді белсенді ұсталған болатын. Бірнеше минуттан кейін оны полиция ұстап алып кеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Темірланды қолдап шыққан екі журналист қамауға алынды. Оның бірі – журналист Рус Бикетов, ол 15 тәулікке сотталды. Сонымен қатар, Еңсебекті қолдап, пикетке шыққан журналист Әсем Жәпішева да 15 тәулікке қамауға алынды. 

Ал 21 қаңтарда Еңсебекті қолдап, тағы екі адам пикетке шыққаны белгілі болды.