Қоғам

Қарағанды облысында 19 көлік жол апатына ұшырады

Жол апатының алдын ала себебі – жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамау

Қарағанды облысындағы тас жолда 19 көлік бір-біріне соғылып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург–Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды–Балқаш, 1492–1855 км) Балқаштан Қарағандыға қарай қозғалыс ашылған.

Сағат 12:30-да осы учаскенің 1630-шы шақырымында 19 жеңіл автокөлік жаппай жол апатына түскен. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. 

Жол апатының алдын ала себебі – жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамау.