«-2 градус жылы»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Республика аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз.
Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады деп болжанды.
Батыс өңірлерде түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында болады.