Ақтаудағы ұшақ апаты: Бозымбаев мәлімдеме жасады
Қаза тапқандардың отбасыларына Үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетілді
Үкіметте өтіп жатқан БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін және тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сонымен бірге ұшақ апатына қатысты тергеудің қашан аяқталатыны да белгілі болды.
"Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысы келесі апта аяқталады. Қаза тапқандардың отбасыларына Үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, әрбір көз жұмған адамға 5 млн теңге өтемақы берілді. Жерлеу рәсімдеріне көмек көрсетілді. Демеушілердің көмегімен келесі апта тағы да көмектер беріледі", - деді Қанат Бозымбаев.
Ол бұл үлкен халықаралық жұмыс екенін айта кетті.
"Туыстары бұл расында да ұшқыштардың, экипаж мүшелерінің дауыстары екеніне сенуі керек. Бұл – үлкен халықаралық жұмыс. Келесі аптада алдын ала бөлім жарияланады деп үміттенеміз", – деп қосты вице-премьер.