Қоғам
23 жастағы келіншек енесі мен күйеуінің соққысынан кейін көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 қаңтар, 2025
- 75
Соққы алған әйел ауруханаға жеткізілген
Өзбекстанның Аққорған ауданында күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы жас әйел көз жұмған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауыр соққы алған әйел комаға түскен. Ал күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған. Бұл оқиға елде үлкен резонанс туғызды.
Әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмғанын Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының хабарлайды.
«Жәбірленушінің күйеуіне қатысты қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі 8-тармағының «г» пункті бойынша қайта сараланды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.