Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таксиге отырып жоғалып кеткен ақтаулық келіншек Түркістаннан табылды

Таксиге отырып жоғалып кеткен ақтаулық келіншек Түркістаннан табылды
ашық дереккөз
Қазіргі уақытта келіншек аман-есен.
Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап KYN.KZхабарлайды. Екі күн бұрын жоғалып кеткен Қырмызы Энепияева Түркістан қаласындағы бұрын бірге оқыған группаласының пәтерінен табылды. Маңғыстау ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келіншек бұрын жолсерік болып жұмыс істеген және Түркістанға пойызға билетсіз отырып кетіп қалған. «Қазіргі уақытта келіншек аман-есен. Келіншектің туыстары оны өздері алып кеткісі келетіндерін айтты», – дейді баспасөз қызметіндегілер. Естеріңізге сала кетсек, 10 шілдеде кешкі сағат 18:00 шамасында келіншек Сары базардан үйіне қайтпақ болып, таксиге отырған. Сол уақыттан бері оның қайда екенін ешкім білмеген.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар