Басты жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды

Оған қоғамдық жұмыспен айналысуға тыйым салынды

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты деген күдікпен ұсталған кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айта кетсек, Қайрат Құдайберген 2022 жылғы 22 сәуірде қаңтар оқиғалары бойынша қамауға алынған болатын. Ол жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Сонымен қатар тергеу нұсқасына сәйкес Жұмагелдиевпен бірге "Қазақстан" қонақүйінде жиын ұйымдастырған.