«Тұман түсіп, боран соғады»: 28, 29, 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ауа температурасында өзгерістер күтілмейді
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
28, 29, 30 қаңтарда ауа райының қалыптасуына солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы тұрақсыз болды.
Республиканың өзге аумақтарында қар, жаңбыр күтіледі. Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында боран соғып, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Ауа температурасында өзгерістер күтілмейді.