Денсаулық

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы күшейтілмек

Енді қызмет көрсету кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты қандай да бір іс - әрекет жасаған азаматтар заң алдында жауап береді

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы күшейтілетін болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл мәселені бас прокуратура да қолдаған.  

«Бас прокуратура қызмет көрсету кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны және денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік шараларын күшейту жөніндегі нормаларды қолдады. Тиісті нормалар бүгін мемлекеттік келісімде қаралып жатыр», - деді Әлназарова мәжілістегі брифингте.

Айтуынша, биыл жаңа нормалар қабылданады екен. 

«Келеңсіз жағдайға сәйкес, осы жылдың ішінде біз қылмыстық кодекске тиісті бап енгіземіз деп ойлаймын. Енді қызмет көрсету кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты қандай да бір іс - әрекет жасаған азаматтар заң алдында жауап береді», - деп толықтырды министр.