Мәдениет

“Ол дәрі ішіп өлмек болды ма?”: Асхат Садырбайдың тағы бір әйелмен қарым-қатынаста болғаны белгілі болды

Журналист қазіргі жары туралы айтуды жөн көрмеді

Желіде журналист Асхат Садырбай туралы  тағы бір ақпарат тарады. Ол алғашқы екі әйелінен бөлек басқа келіншектің де бары айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналист Руслан Өтепбай сұхбат барысында әріптесінен некеде болған әйелдерінің санын сұрайды. Оның ішінде Ерке Есмаханнан кейін Дүрия есімді бойжеткенмен көңіл қосқан екен. Руслан Өтепбайдың мәліметінше Дүрия асхатпен тұрған кезінде дәрі ішіп өлмек болған. Бірақ мұны Асхат Садырбай жоққа шығарды. Асхат Садырбай ол әйелмен де біраз бірге тұрып, келісе алмай, екіге айырылғандарын айтады. 

“Танимын. Бірақ біздің арамызда заңды неке болмады. Бас қосамыз ба деп ойладық. Бірақ қоспадық. Қазіргі жарымды айту негізсіз деп ойлаймын. Құпия болып қала берсін”, – деді Асхат Садырбай. 

Желі қолданушылардың арасында журналистпен некелеспекші болған әйелді танитындар да бар болып шықты. 

“Заңсыз тұрса да, қазіргісі төртінші әйелі екен ғой”, “Жақсы еркектен әйел кетпейді”, “Дүрияны ұмытып қалыпты. Оған да түрлі дәрі беріп еді. Ол да ел алдына шығып, сұхбат беруі керек” деп жарыса жазды олар.