Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үш жасқа келер едің»: Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алды

«Үш жасқа келер едің»: Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алды
Сурет: ашық дереккөздерден
Блогер жазбасымен көпшіліктің жүрегін елжіретті

Белгілі актриса, блогер Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алды. Тірі болғанында үш жаста болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол алты айлық кезінде шетінеп кеткен сәбиін туған күнімен құттықтады.

«Ай, балам-ай! Бүгін 3 жасқа келер едің. Қаншалықты бұзық болсаң да күлімсіреп тұратын едің ғой. Мейірімді, байсалды, ақылды болар едің деймін. Не дерімді білмеймін. Бірақ сен мәңгі есімде қалдың. Анасының жүрегі. Балам, туған күнің құтты болсын! Мен саған ұзақ өмір мен денсаулық тілей алмаймын. Бірақ анаң өзіңді қалай жақсы көретініңді білесің. Менің қамқор періштем!», - деп жазды ол.

Бұл жазбасымен Әсел Асқар көпшілікке ой салды.

«Түсірілім алаңына кетіп бара жатып, осы жазбаны жазып отырмын. Өзімді әрең ұстап отырмын. Жұмыс істеуім керек, өйткені команданың алдында ыңғайсыз болады. Адамдар, бар бақытты бағалаңыз! Өмір сүріп жатқан әрбір бақытты сәттен ләззат алып, шүкіршілік етіңіз”, – деп жазды актриса.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар