Атыраудағы екі шенеуніктің төбелесі: тың дерек пайда болды
Жанжалдың себептері анықталуда
Атырауда көлік прокурорының қызметкерлері мен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы арасында төбелестің не себепті туындағаны әзірге белгісіз. Алайда куәгерлердің айтуынша, МКД басшысының орынбасары еденде ес-түссіз жатқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Төбелес болған жерге жедел жәрдемді бардың даяшылары шақырған.
МКД басшысының орынбасары Әліби Бақытжанов ауыр жараланып комаға түскен.
Барда облыстық МКД басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ қаланың бас көлік прокуроры және оның орынбасары болғаны белгілі болды.
Ауыр жараланған Бақытжановтың жанында ешкім болмапты. Ол дереу жан сақтау бөліміне жеткізілген.
“Облыстық ауруханаға түскен пациент қажетті медициналық көмек алады. Дербес деректер мен емдеу әдістері және өзге де ақпарат жария етілмейді”, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр. Жанжалдың себептері анықталуда.