Астанадағы балабақшада төбелескен аналар дене жарақатын алып, полицияға арыз жазды (ВИДЕО)
Екі ананың төбелесінен балалар шошыған.
Әлеуметтік желіде Астанадағы балабақшада екі әйелдің төбелесі көрсетілген видео тарады. Онда балалар сыртқы киімін ауыстыратын жерде екі әйел алдымен бір-біріне қол шошайтып ұрысқанын көруге болады. Артынша екеуі айқайға басып, бір-біріне қол көтере бастаған. Ал сол жердегі балалар шошып, жұлысқан әйелдерді өзге ересектер ажырату үшін жүгіріп келген.
Жанжал неден шыққаны белгісіз. Алайда желі қолданушылары төбелес шығарған әйелдің бірі жүкті екенін байқаған.
Астананың полиция департаменті бұл жайтты растап, екеуі де төбелес кезінде дене жарақатын алдық деп арыз жазғанын хабарлады.
Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығатын болады.