«Ең маңызды тұсы бітеліп қалған»: Елдос Колобок отаның қалай жасалғаны туралы айтты
«Құттықтаймын, сіздер ата-ана бола аласыздар» деп қуанышты жаңалығын айтты
Колобок есімімен танымал блогер Елдос Қадірханов жақында өткен отаның қалай өткені туралы айып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол дертіне шипа іздеп Түркияға дейін барған. Алайда соңғы рет отаны Астана қаласында жасатыпты.
«Түркияда ота 20-30 минут жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағатқа дейін созылды. Хирургтың айтуынша ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған», - дейді Елдос Қадірханов.
Айтуынша, ота сәтті өткен. Хирург қуанышты жаңалықты ең алдымен әйеліне жеткізген.
«Дәрігерлер таң қалғанынан ота жасап жатқандар бірін бірі құшақтап, қуанған екен. Содан отаның қалған бөлігін қасындағы көмекшісіне қалдырып, қуанышты хабарды әйеліме айту үшін палатаға жүгіріп келіп, «Құттықтаймын, сіздер ата-ана бола аласыздар» деп қуанышты жаңалығын айтты», - дейді әзілкеш.