Мәдениет

«Екі жылдан бері араласамыз»: Сабина Мовлаеваның туған күнінде көлік сыйлаған ер адамның кім екені белгілі болды

Айтуынша, ол жеке бизнестің адамы

Белгілі блогер Сабина Мовлаеваға туған күнінде көлік сыйлаған ер адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, көлікті сыйлаған досы екен. Желі жұлдызы 27 жасқа толған туған күнін атап өткен болатын.  

“Өзімнің досым сыйлады. Екі жылдан бері жақсы араласамыз. Сол кісінің сыйлығы болатын. Мейрамханаға келгеннен кейін түсіріп жүрген адамдарды көрді де бетперде киіп алды. Өйткені халыққа көрінгенді ұнатпайды. Әлеуметтік желінің ешқайсысында отырмайды. Жеке бизнестің адамы. Бұйырса Forbes журналына шығып қалатын шығар?! Оны менің қасымнан көрген адамдар “Отбасы бар, үйленген” деп жатыр. Бірақ ол – жалған ақпарат”, – деді блогер.

Ол туған күніне Нұрмұхамед Жақыпты шақырған.

“Ол маған ұнайды. Негізі Қайрат Нұртасты шақырғым келген. Бірақ ол кісі шетелде болды. Екеуінің де әндерін сүйіп тыңдаймын. Онымен қол ұстасып тұрғанда күшті бір сезімде болдым", – дейді Сабина.