Алматыда әйел жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен
Қазір нәресте ауруханада жатыр
Алматыда тасбауыр ана жаңа туған сәбиін екіқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен. Жерде шырылдап жатқан шақалақты көрген тұрғындар абдырап қалған. Дүние есігін енді ашқан қыз баланы тұрғындар бүгін түскі уақытта байқапты. Бөбекті үйдің екінші қабатына тастап кеткен. Жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Қазір нәресте ауруханада жатыр. Ал бейкүнә баласынан бас тартып, қараусыз тастап кеткен көкек-ана іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.