«11-сынып оқушысын интимдік аймағынан ұстаған»: Танымал қазақстандық әншіге өрескел айып тағылды
17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған
Алматы полицейлері оғаш оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Козачков телеграм арнасының жазуынша, кеше түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.
«Кешкі тоғыздар шамасында курьер жігіт бір мекен-жайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Дүкеннен алып, тұтынушыға апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай орын алған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын интимдік аймағынан ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген», - деп жазады арна.
Телеграм арнасының мәліметіне сүйенсек оқиғаға қатысы бар адам белгілі әнші Алмас Кішкенбаев екені белгілі болды.