1 млрд жымқырды деген Болат Мажағұловқа сотт үкім шығарды
Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды
Астанада субұрқақ құрылысына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырды деп күдікке ілінген мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болат Мажағұлов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Екінші айыпталушы құрылыс компаниясының басшысы Мәди Қанапина 3 жыл 6 айға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды. Мәди Қанапин қаладан шықпау туралы жазбаша міндеттеме алып, сот залында қамауға алынды.
«Болат Мажағұлов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе аса ірі мөлшерде жымқыру») көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылсын. Және өмір бойына бас бостандығынан айырумен 6 айға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығына, бас бостандығынан айыру қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеумен», - судья Әсель Мукушова.