“Тыныс алудың өзі азап болды”: Жұлдыз Әбдікәрімова түсініксіз дертке шалдыққан
Сол үшін де жұмыстан шығуға тура келді
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова басының жиі ауыратынын, бірақ себебін таппай жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртастың әйелі сот жүйесінің созылуы денсаулығына кері әсер еткенін жеткізді.
"Басымның қысып ауыратыны сонша, тіпті тыныс алудың өзі азап болды. Дәрігерлер себебін анықтай алмай, менімен бірге әбден қиналды. Басымды сан мәрте тексерістен өткіздік. Тасқа да, тауға да соқтық деген осы шығар", – деп жазды актриса.
Сот процесінен әбден қажыған ол жұмыстан өз еркімен кеткен.
“Былтырғы сот процесі қажытып, жұмыстан өз еркіммен кеттім. Күйзелісте жүріп, эфирге шыға алмадым. Көрерменді алдай алмайсың. Екі ұлым менің жағдайыма алаңдап, студияға келіп отыратын. Сол үшін де жұмыстан шығуға тура келді. Соңғы кезде ғана сот процесін ашық жаза бастадым. Оның екі себебі бар: Бірі, мен айдан анық істе жеңіліс табамын деп ойлаған жоқпын. Екіншісі, онсызда әбден шаршаған балаларымның көңіліне қаяу салғым келмеді”, – деп жазды Жұлдыз.