Басты жаңалықтар
Інісі өзін өртемек болған ағасын құтқарған: екеуі де өлім аузында жатыр
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2018
- 265
Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, әлі есін жиған жоқ.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.
Ақмола облысында жас жігіт өзін өртемек болған, құтқармақ болған інісі зардап шегіп, екеуі де ауруханаға түсті
Оқиға Макинск қаласында 12 шілдеден 13 шілдеге қараған түні болған. Бастапқы деректер бойынша, 24 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. 16 жастағы інісі ағасын құтқарамын деп өзі де зардап шеккен. Екеуі де Бұланды орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы өте ауыр, көлікпен тасымалдауға болмайды, облыстың мамандарымен кеңесіп отырмыз", — деді аудандық аурухана бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-медициналық жұмыс бойынша орынбасары Александр Савченко.
Оның айтуынша, екі науқас та ес-түссіз жатыр.