Елімізде алдағы үш күнде күн күрт суытады
Республика бойынша тұман, желдің күшейетіні айтылады
Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде күн күрт суытатынын ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастыратынын, қар, жаяу бұрқасын, батыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстары болжанатынын айтады.
Қазақстанның оңтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз, температура қолайлы болады деп болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшейетіні айтылады.
Түнде ауа температурасының батыста -8...-13°C дейін, солтүстікте, орталықта -13...-21°C дейін, шығыста -15...-30°C дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.