Мәдениет

«Үшінші рет үйлендім»: түрмеден шыққан Мұрат Әбділда сәби күтіп жүргенін айтты (ВИДЕО)

Алла қыз берсе де, ұл берсе де ризамыз

Әлеуметтік желіде танымал болған Мұрат Әбділда тағы отбасын құрды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол "Абырой" бағдарламасына қатысып алғаш рет жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Біз ауылға 20 жыл бұрын көшіп келдік. Анама түсінде аян беріп, осы жерге қоныс аударуға кеңес берген. Содан бері осы ауылда тұрып жатырмыз. Шаңырағымызда көптеген бақытты сәттер өтті. Осы жерде екі рет үйлендім. Бірінші және екінші жұбайыммен арада бала болмады. Екінші рет үйленгенде, мен бұрынғы әйеліммен бір жылдай ғана тұрдым, кейін ол мені тастап кетті. Қазір араласпаймыз", – деді ол.

Түрмеден шыққанына бес ай болған Әбділда келіншегінің жүкті екенін жасырмады.

"Абақтыдан шыққаныма бес ай болды. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шыққан едім. Содан соң екі айдан кейін үшінші рет үйлендім. Қазір келіншегім жүкті, қыз күтіп отырмыз. Ол перзентханаға дайындалып жатыр. Негізі өзім қыз баламыз болғанын қалаймын. Бірақ Алланың бергені болады. Алла қыз берсе де, ұл берсе де ризамыз", – деді әнші.