Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ешқандай жылулық жоқ»: Дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш қазіргі жағдайымен бөлісті (ВИДЕО)

«Ешқандай жылулық жоқ»: Дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш қазіргі жағдайымен бөлісті (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Ол бұрынғы күйеуінің алимент ғана төлеп, басқа көмек көрсетпейтінін айтты

БАӘ-де елшінің кеңесшісі болған дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш қазіргі жағдайы туралы айтты. Ол ұлының отасына ақша табу үшін, жұмыс істеп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қазіргі кезде бұрынғы күйеуімен араласпайды. Тіпті оның әке ретінде балаларына жылулық танытпайтынын да алға тартты.

«Қызым әкесімен кездескісі келмейді. Ал ұлым әкесімен бірге көбірек уақыт өткізгісі келмейді. Кеше олар кездескенде мен қасында бола алмадым. Бірақ өтіп бара жатып байқап қалдым. Балалармен кездесуге келген адам телефонмен отыр. Арада ешқандай жылулық, қарым-қатынас жоқ. Содан кейін тамақ жеуге кетті. Сол кезде ғана қоштасқанда құшақтасқандай болды. Бірақ балалардың әкесімен бірге болғысы келіп, оған қимағанын әлі көрмедім»,- дейді Карина.

Қазір гимнастикадан сабақ беретін бапкерінің үйінде тұрып жатқан ол, ұлының отасына ақша жинап жүргенін айтты.

«Мен көркем гимнастикадан сабақ беремін. Балалармен жұмыс істеймін. Сонымен бірге жобаларға қатысамын. Модель болып жұмыс істеп жүрмін. Ұлымның отасына ақша жинауым керек. Сондықтан қалай да жобаларға қатысуым керек. Кореяда операция жасау бұл қазір мен үшін мүмкін емес дүние. Егер де Қазақстанда ота жасайтын мамандар болса, жақсы болар еді. Бұрынғы күйеуім операция жасауға қарсы болды. Оның қаржылық мүмкіндігі болатын. Қазір де көмектеспейтіні анық», - дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар