Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала нәтижелері жарияланды
Алдын ала есеп мәліметінше "Кілем" жоспарының енгізілгені және әуе кемеге құстардың соғылғаны туралы хабарлайды
Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Осы есепте ұсынылған ақпарат алдын ала болжам болып табылады және барлық материалдарды зерттеу және зерттеу нәтижелері бойынша нақтылануы және толықтырылуы мүмкін»», – делінген құжатта.
Сонымен қатар, есепте комиссияның ұшақ құрылымдарының зақымдануын егжей-тегжейлі тексеруді жалғастырып жатқаны көрсетілген.
Алдын ала есеп мәліметінше "Кілем" жоспарының енгізілгені және әуе кемеге құстардың соғылғаны туралы хабарлайды.