AZAL ұшағынан табылған бөгде заттардың суреттері жарияланды
Бөгде заттар қосымша сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Көлік министрлігі 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының Embraer 190 ұшағынан табылған бөгде заттардың суреттерін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Баку-Грозный ұшағының апатына қатысты тергеу нәтижелері туралы жарияланған алдын ала есепте Тергеу комиссиясы Бразилия Федеративтік Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Қазақстан құқық қорғау органдарының уәкілетті өкілдерінің қатысуымен бөгде заттар алынды.
Нәтижесінде ұшақтың жарақаттанған тұсынан көптеген бөгде заттар алынды. Олар қосымша сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік: Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе жолдары (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеудің алдын ала қорытындылары көрсетілген хабарламаны жариялады.