Дәмді палаудың рецепті
Палау – Орта Азия халықтарына танымал, дәстүрлі тағам. Көбісі палауды қалай дұрыс дайындау керегін білмей жатады.
6 адамға арналған палау жасау үшін қажет ингридиенттер:
Қой немесе сиыр еті – 1,5-2 кг.
Күріш – 1 кг.
Сәбіз – 600 гр.
Пияз – 500 гр.
Қара/қызыл бұрыш – дәміне қарай
Татымды дәмдеуіштер – дәміне қарай
Тұз – дәміне қарай
Сарымсақ – 1 бас
Құйрық май (немесе күнбағыс майы) – 150 г.
ДАЙЫНДАУ ЖОЛЫ
1. Ең алдымен, пиязды ұзыншалап, сәбізді кесектеп, ал етті кішкентай бөліктерге бөліп тураймыз.
2. Қазанға май құйып, қыздырамыз. Ең алдымен, пиязды түсі сарғайғанша қуырып аламыз. Кейін ет пен сәбіз қосамыз. 7 минуттай қазанның қақпағын жаппай, бұқтырамыз.
3. Палауға түрлі дәмдеуіштер қосып, жақсылап араластырамыз. Бәрін қосып болған соң, еттің бетін жауып тұратындай су құямыз. 40-45 минут пісіреміз. Оттың орташа қысымда тұрғаны маңызды.
4. Етіміз піскенше күрішті 5-6 рет суық суда жуып аламыз. Таза күрішті етке қосып, оны араластырмаймыз. Себебі үстінен 2 см жоғары болып тұратындай су құямыз.
5. Қазанда күріш суды сіңіргенше пісіреміз. Палаудың ортасына сарымсақ салып, күріштің үстінен бірнеше шұңқыр жасап қоямыз. Ол будың шығуына жақсы көмектеседі. 25 минут дайындаймыз.
6. Палауымыз дайын болғанда оны жақсылап араластырамыз, дастарханға қояр алдында аскөктермен безендіруге болады. Палауымыз дайын!