Мәдениет

"Қамауға алынады": 17 жастағы жігіттің жыныс мүшесін ұстаған Алмас Кішкенбаевқа үкім шықты

Сот шешімімен әнші 15 тәулікке қамалуы тиіс.

Алматы қаласының соты жабық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлайды қалалық сот.