Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айнұр Тұрсынбаева қазақстандық желілік маркетинг компаниясын құрып, халықты тіркелуге шақырды

Айнұр Тұрсынбаева қазақстандық желілік маркетинг компаниясын құрып, халықты тіркелуге шақырды
Инстаграм
Ақынның айтыстағы досы Балғынбек Имашев бұл бастама көпшілікті табысқа кенелтетінін сенімді айтып отыр.

«Тұңғыш jтандық желілік «SAAD» компаниясының құрылтайшылары – бір туған бауырлар Дархан, Ардақ, Айнұр! Бүгін үлкен оқиға: Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында жаңа компанияның тұсаукесері өтуде. Ата-анасын шығарып батасын алуы, Алатау Серілерінің рухты әнімен кештің басталуы сондай орынды әрі тағылымды болды.

Тамара Асардың әндері осы кештің шырайы, сәні мен салтанаты болды. SAAD компаниясы – мыңдаған адамға табыс көзі, жүзмыңдаған адамдарға сапалы өнім, миллиондарға денсаулық пен сұлулық сыйлайтын мүмкіндік деп сенеміз. Экономикамызға пайдалы, яғни миллиардтаған доллар шетке кетпейді, керісінше, сырттан үлкен қаржылардың құюлуына себеп болмақ.

Қазақтың екі мықты қызы — Ардақ пен Айнұр бірігіп Дархан бауырын қолдаса, бұл үштіктің алмайтын асуы, қопармайтын тауы қалмайды деп сенем. Алла жар болсын, Айнұр досым! Мен сенің әр бастамаңа тілекші әрі қолдаушымын",-  деп жазды ақын Балғынбек Имашев.

Айнұр Тұрсынбаевның өзі оқырмандарын желілік маркетинг компаниясына тіркелуге шақырып жатыр. 

"Позор болып басқа елдің сетевойында жүрмейік… Тұңғыш қазақтың классикалық маркетингпен құрылған компаниясына тіркелу басталды", – дейді Тұрсынбаеваның өзі.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрліше пікір білдірген. Бірақ ақынды алаяққа теңесе тағы өзгесі бастама табысты болатынына сенімді. Өйткені Тұрсынбаева Алматыда таныстыруын өткізген жаңа компания адамдарға жылдам байып, үй алуға мүмкіндік береді делінген.. 


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар