Басты жаңалықтар

«Күйеуі тастап кеткен»: жалғызбасты ана екі баласын бағу үшін манты жасап сатып, курьер болып жұмыс істейді (ВИДЕО)

Әйелді екі баласымен күйеуі тастап кеткен

Екі баласын бағу үшін курьер болып жұмыс істеп жүрген ана жұрттың жүрегін елжіретті. Ол манты жасап сатып, отбасын асырап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматылық Салтанат Мұратова – екі баланың анасы. Бірнеше жыл бұрын күйеуі тастап кеткен. Содан бері әйел екі баласын өзі бағып келеді. Ол балалары ештеңеден тарықпас үшін, барлығын жасайды.

Әр күн сайын ол жақын маңдағы дүкендерге манты жасап сатса, кешке курьер болып жұмыс істейді.

Желі қолданушылары қиындыққа мойын ұсынбай жұмыс істеп жүрген әйелге бас иіп, оның алдағы уақытта бақытты болуын тіледі. Олар "Еңбегі екі балапанына ақталсын. Адал ақша тапқан ана. Қандай тамаша!", "Мұндай батыр аналар өте көп", "Халық жағдайы өте нашар күнін әрең көріп жүр .Қандай жерден қателестік . Ұрпаққа не бетімізді айтамыз?" деп жазды.